User Guide - Windows 7

Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады.
Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне жəне фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk
Defragmenter құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет
дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолман жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу үшін:
1. Компьютерді айнамалы ток көзіне қосыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) > Аксессуары (Керек-жарақтар) >
Служебные (Жүйелік құралдар) > Дефрагментация дисков (Дискіні дефрагментациялау)
тармақтарын таңдаңыз.
3. Дефрагментация диска (Диск дефрагментациясы) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы
есептік жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату,
утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды
орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Анықтама жəне
қолдау
бөлімін қараңыз. Анықтама жəне қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и
поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін дискіні
тазалау құралы қатты дискіден еш қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Қосалқы
құралдар) > Служебные
(Қызметтік бағдарламалар) > Очистка диска (Диск тазалау)
тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне
дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Осы оқиғалардың бірі
аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты
дискіні қалыпты жұмысына қайтарады.
ЕСКЕРТПЕ: Қатты күйдегі дискінің құрамында қозғалатын бөлшектер болмағандықтан, оны HP
3D DriveGuard арқылы қорғаудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP
3D DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша қондыру құрылғысына орнатылған немесе USB
портына қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды.
Қатты дискілерді пайдалану
51