User Guide - Windows 7

Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
Пернетақтаның оң жағында
Дисплейдің оң жақ жоғарғы бұрышында
Дисплейдің сол жағында
Компьютердің үлгісіне байланысты оқу құрылғысы көлденең немесе ұзыннан бағытталуы
мүмкін. Оның екі түрі
де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап
етеді. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орны туралы ақпаратты
Компьютермен
танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
HP SimplePass бағдарламалық құралын пайдалану
HP SimplePass бағдарламалық құралы компьютерді қауіпсіздендіру жəне компьютер мен құпия
сөзбен қорғалған веб-тораптарға оңай кіруге көмектесетін ыңғайлы интерфейс ұсынады.
Тіркелген саусақ ізін келесі амалдар үшін пайдаланыңыз:
Windows жүйесіне кіру;
веб-тораптарды жəне жүйеге кіруді
қажет ететін басқа бағдарламаларды ашу;
пайдаланушы аты мен құпия сөзді талап ететін кез келген бағдарлама үшін жазба
мəліметтерін жасауға мүмкіндік беретін «Single Sign On» (Бір реті кіру) қызметін орнату;
компьютерде бірнеше пайдаланушы үшін қорғалған есептік жазбалар орнату;
Қосымша ақпаратты
HP SimplePass бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Саусақ іздерін тіркеу
HP SimplePass бағдарламалық құралымен бір немесе бірнеше саусақ ізін тіркеу үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
1. HP SimplePass бағдарламасын ашу үшін, саусақ ізі сенсорында бір саусақпен жүргізіп
өтіңіз.
2. HP SimplePass бағдарламасының сəлемдесу экраны ашылғанда, Get Started (Жұмысқа
кірісу) пəрменін таңда
ңыз.
3. HP SimplePass бағдарламасы оң сұқ саусағыңызды сенсордан өткізуіңізді ұсынады.
4. Тіркелуді аяқтау үшін, саусағыңызбен 3 рет жүргізіп өтіңіз.
Саусақ сəтті тіркелгеннен кейін оның белгішесі жасыл түсті шеңбермен көрсетіледі.
5. Windows құпия сөзін
орнату үшін, Настроить вход в Windows (Windows жүйесіне кіру
параметрлерін орнату) параметрін таңдаңыз.
Windows жүйесіне кіру үшін тіркелген саусақ ізін пайдалану
Windows жүйесіне саусақ ізіңіз арқылы кіру үшін
1. Саусақ ізіңізді тіркегеннен кейін Windows жүйесін қайта бастаңыз.
2. Windows жүйесіне кіру үшін, тіркелген кез келген саусақты сырғытыңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде)
59