User Guide - Windows 7

3. Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4. Создать (Жасау) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бастапқы қалпына келтіру жасау үшін,
Алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне
қайтару (69-бет) бөлімін қараңыз.
Жүйенің жəне жеке ақпараттың сақтық көшірмелерін жасау
Компьютерде файлдар, электрондық хаттар, фотосуреттер сияқты маңызды ақпараттар
сақталады жəне оларды компьютерге вирус кіргенде немесе жүйе жұмысында ақаулық пайда
болғанда сақтау керек болады. Файлдардың қаншалықты толық қалпына келтіруін жасау
мүмкіндігі сақтық көшірме соңғы рет
қашан жасалғанына байланысты болады. Жаңа
бағдарламалық құралдар жəне деректер файлдары қосылған сайын, сақтық көшірмелерді
жүйелі түрде жасап тұру керек.
Сақтық көшірмені сəтті жасауға арналған кеңестер
Дискілерді компьютердің оптикалық жинақтағыш диск жетегіне салмас бұрын нөмірлеңіз.
Жеке файлдарды Документы (Құжаттар), Music (Музыка), Pictures (Суреттер) жəне Videos
(Бейнелер) қалталарында сақтаңыз да, бұл қалталардың сақтық көшірмелерін жүйелі түрде
жасап отырыңыз.
Бейімделген параметрлерді терезеде
, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында
параметрлеріңіздің экран суретін жасау жолымен сақтаңыз. Параметрлерді қалпына
келтіру қажет болған кезде, экран суреті уақытыңызды үнемдеуі мүмкін.
Экран суретін жасау үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Сақталатын экранды ашыңыз.
2. Экран суретін
көшіріңіз:
Тек белсенді терезені көшіріп алу үшін, alt+prt sc пернелер тіркесімін басыңыз.
Экранды толық көшіру үшін, prt sc пернесін басыңыз.
3. Мəтіндерді өңдеу құжатын ашып, Правка (Өңдеу) > Вставить (Қою) пəрменін таңдаңыз.
Экран суреті құжатқа
қосылады.
4. Құжатты сақтап, басып шығарыңыз.
Мынаны білгеніңіз жөн
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты дискіге, флэш-жадына немесе
желілік дискіге не дискілерге жасауға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
Сақтық көшірме жасау процесін аяқтауға қажет уақыт
беріңіз. Файлдардың өлшемдеріне
байланысты оған бір сағаттан аса уақыт кетуі мүмкін.
Сақтық көшірме жасауды бастамай тұрып, көшірме жасалатын құрылғыдағы бос орын
көлемін тексеріңіз.
Сақтық көшірмелерді келесі жағдайларда жасау керек:
бағдарламалық
құралды немесе жабдықты қоспас немесе өзгертпес бұрын;
компьютерді жөндеу немесе қалпына келтірудің алдында;
68
11-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру