User Guide - Windows 7

жеке ақпараттың соңғы көшірмесі болуы үшін, жоспар бойынша жүйелі түрде;
көп файлдар қосқаннан кейін, мысалы туылған күн кешіндегі бейнелерді сақтаған
болсаңыз;
зиянды бағдарламаны жою үшін вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдаланудың
алдында;
суреттер, бейнелер, музыка, жоба файлдары немесе деректер жазбалары сияқты
қалпына келтіру қиын болатын ақпаратты қосқаннан кейін;
Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен
сақтық көшірме жасау
Windows жүйесі Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен
сақтық көшірме жасауға мүмкіндік береді. Жеке қалталардан дискілерге дейін сақтық көшірме
жасау деңгейін таңдауға болады. Орынды үнемдеу мақсатында сақтық көшірмелер
қысылады.
Сақтық көшірмелер жасау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе
жəне қауіпсіздік) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірме жасау
жəне қалпына келтіру) тармақтарын
таңдаңыз.
2. Сақтық көшірме жасалуын жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы
жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты «
Анықтама жəне қолдау» бөлімінен
қараңыз.
Бастапқы қалпына келтіру жасау үшін, Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
мүмкіндігінің көмегімен арнайы файлдарды қалпына келтіру (70-бет) бөлімін қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру
Алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару
Кейде, бағдарламалық құрал орнатылғанда компьютер немесе Windows жүйесі өзгеше жұмыс
істеуі мүмкін. Əдетте бұл мəселені бағдарламаны жою арқылы шешуге болады. Егер
бағдарламаны жою мəселені шешпесе, компьютерді алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне
(ертерек уақытта жəне
күнде жасалған) қайтаруға болады.
Компьютер оңтайлы жұмыс істеп тұрғандағы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару үшін,
мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе
жəне
қауіпсіздік) > Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтада Защита системы (Жүйені қорғау) тармағын таңдаңыз.
3. Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4. System Restore (Жүйені қалпына келтіру) параметрін таңдап,
экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру
69