User Guide - Windows 7

Арнайы файлдарын қалпына келтіру
Егер файлдар байқаусызда жойылған жəне оларды «Recycle Bin» (қоқыс кəрзеңкесі) ішінен
қалпына келтіру мүмкін болмаса немесе файлдар зақымданса, арнайы файлдарды қалпына
келтіру функциясын қолдануға болады. Арнайы файлдарды қалпына келтіру функциясы бұрын
бастапқы жүйені HP Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру таң
далған болса пайдалы
болады. Бұрын сақтық көшірмесі жасалған тек арнайы файлдарды қалпына келтіре аласыз.
Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен
арнайы файлдарды қалпына келтіру
Windows жүйесі Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен
сақтық көшірмесі жасалған файлдарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе
жəне қауіпсіздік)
> Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірме жасау
жəне қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сақтық көшірмені қалпына келтіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы
жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты «
Анықтама жəне қолдау» бөлімінен
қараңыз.
HP Recovery Manager көмегімен бастапқы жүйені қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді.
Мынаны білгеніңіз жөн
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен
дискіден қайта орнату қажет.
Жүйені қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғ
ы əрекеті ретінде
пайдаланған жөн. Егер қалпына келтіру нүктелерін (
Алдыңғы жүйені қалпына келтіру
нүктесіне қайтару (69-бет) бөлімін қараңыз) жəне жартылай қалпына келтіру (Арнайы
файлдарын қалпына келтіру (70-бет) бөлімін қараңыз) мүмкіндіктерін қолданып
көрмесеңіз, жүйені қалпына келтіру үшін, HP Recovery Manager құралын пайдаланбас
бұрын оларды сынап көріңіз.
Егер компьютердің қатты дискісінде ақаулық орын алса немесе компьютердің жұмыс істеу
мəселелерін шешу əрекеттері сəтті болмаса, ж
үйені қалпына келтіруді орындау қажет.
Қалпына келтіру дискілері жұмыс істемесе, жүйенің қалпына келтіру дискілерін HP веб-
торабынан алуға болады.
Minimized Image Recovery опциясын тек тəжірибелі пайдаланушыларға қолдану
ұсынылады. Барлық аппараттық құралдарға қатысты драйверлер жəне бағдарламалық
құралдар қайта орнатылады,
алайда бағдарламалық құралдар қалпына келтірілмейді.
Процесті аяқталғанға дейін тоқтатпаңыз, əйтпесе қалпына келтіру жүзеге аспайды.
70
11-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру