User Guide - Windows 7

HP Recovery бөлімінің көмегімен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде)
HP қалпына келтіру бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) қалпына келтіру дискілерін немесе
қалпына келтіру флэш-жадын пайдаланбастан жүйені бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік
береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін
болады.
Қалпына келтіру
бөлімінің бар екенін тексеру үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып,
Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, содан кейін > Управление
(Басқару) > Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын таңдаңыз. Егер қалпына
келтіру бөлімі бар
болса, қалпына келтіру дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қалпына келтіру бөлімі компьютермен бірге жеткізілмесе, қалпына келтіру
дискілері қамтылады.
1. HP Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
Пуск (Бастау) тармағын таңдаңыз да, іздеу жолағына қалпына келтіру деп жазыңыз.
Тізімнің ішінен Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
немесе
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранны
ң төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Содан соң, «F11 (System
Recovery)» (F11 (Жүйені қалпына келтіруі)) хабары экранда көрсетілгенде f11
пернесін басыңыз.
2. HP Recovery Manager терезесінде System Recovery (Жүйені қалпына келтіру) параметрін
таңдаңыз
.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру дискілерінен қалпына келтіру
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне немесе қосымша
сыртқы оптикалық диск жетегіне салыңыз да, компьютерді қайта іске қосыңыз.
немесе
Қалпына келтіру флэш-жадын компьютердің USB портына салып
, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде
қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тəртібін өзгертіңіз.
Компьютердің жүктелу тəртібін
өзгерту (71-бет) бөлімін қараңыз.
3. Жүйе іске қосылып жатқанда f9 пернесін басыңыз.
4. Оптикалық дискіні немесе флэш-жадын таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту
Қалпына келтіру дискілерінің жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді орында
ңыз:
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру
71