User Guide - Windows 7

BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS
жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне
қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс
істеп тұрғанда, қосымша
жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы
болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату
барысында мына нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютерді өшірмеңіз немесе ұйқы күйіне ауыстырып қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Пуск (Бастау) экранына hp support assistant деп жазып, HP Support Assistant
бағдарламaсын таңдаңыз.
2. Updates and tune-ups (Жаңартулар мен реттеулер) пəрменінен кейін Check for HP updates
now (НР жаңартулары бар екенін тексеру) пəрменін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына
қадамдарды орындаңыз:
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS
нұсқасымен салыстырыңыз. Жаңарту BIOS нұсқаңызбен салыстырғанда ең соңғы
жаңарту болса, күнін, атын немесе басқа ақпаратты жазып алыңыз. Бұл
ақпарат
жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер жаңарту сіздегі BIOS нұсқасынан жаңа болса, қатты дискідегі BIOS жа
ңартуы
жүктеп алынатын орынға апаратын жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға
дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын,
əсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік əкімшімен байланысыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) экранына файл сөзін жазыңыз, одан
кейін Проводник (Жетектеуші) пəрменін
таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Əдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты
диск болып табылады.
3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту файлы орналасқан қатты дискідегі
қалтаны тауып ашыңыз.
4. .exe ке
ңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe).
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген
файлды қатты дискіден жоюға болады.
74
12-тарау Setup Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану