User Guide - Windows 7

ə Ақаулықтарды жою
Ақаулықтарды жою көздері
Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Справка и
поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығынан табыңыз. Анықтама жəне қолдау
орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау)
тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу
қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады.
Қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та қолдау алу үшін,
http://www.hp.com/go/contactHP
мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін,
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
Мүмкіндіктер тізімінен қолдау түрін таңдаңыз:
HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір тілде чат мүмкін болмаса, ағылшын тілін пайдалануға
болады.
НР қолдау орталығына электрондық хат жіберу.
НР қолдау орталығының ғаламдық телефон нөмірлерін табу.
HP қызмет көрсету орталығының мекенжайын анықтау.
Мəселелерді шешу
Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды.
Компьютер қосылмайды
Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің
неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін:
Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін
басқа электр құрылғысын қосы
ңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы компьютермен бірге берілген немесе осы компьютер үшін НР
компаниясы ұсынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Егер компьютер айнымалы ток розеткасынан басқа сыртқы қуат көзіне жалғанса,
айнымалы ток адаптерін пайдаланып, компьютерді айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
Қуат сымы мен айнымалы ток адаптерінің қауіпсіз жалғанғанын тексеріңіз.
Компьютердің экраны бос
Егер экран бос, бірақ компьютер əлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе бірнеше себеп
болуы мүмкін:
80
ə қосымшасы Ақаулықтарды жою