User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату жəне қызып
кетудің алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-
өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді
Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз.
Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сəйкес қосыңыз.
Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыға электр қуатының келіп
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғының, əсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз.
Дұрыс жəне жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді
Егер сымсыз желі байланысы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
Сымсыз немесе сымды желі құрылын қосу немесе ажырату үшін, Windows жұмыс үстелінің
тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое
соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң
жақ түймешігімен басыңыз.
Құрылғыларды қосу үшін мəзір мүмкіндіктерінен құсбелгі қойыңыз. Құрылғыны ажырату
үшін құсбелгі алып тастаңыз.
Сымсыз құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
Компьютердің сымсыз антенналарына ешбір кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
DSL немесе кабель модемі жəне оның қуат сымы дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдар
жанғанына көз жеткізіңіз.
Сымсыз жол жоспарлағышы немесе кіру нүктесі оның қуат адаптеріне жəне кабель немесе
DSL модеміне дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдардың жан
ғанына көз жеткізіңіз.
Барлық кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз да, қуатты өшіріп, қайта қосыңыз.
Диск ойнатылмайды
Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында жұмысыңызды сақтап, барлық
ашық болған бағдарламаларды жабыңыз.
Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында Интернеттен шығыңыз.
Дискіні дұрыс салғандығыңызға көз жеткізіңіз.
Дискінің таза екеніне
көз жеткізіңіз. Қажет болса, дискіні сүлгіленген сумен жəне түксіз
матамен тазалаңыз. Дискіні ортасынан сыртқы жиекке қарай сүртіңіз.
Дискінің жыртылмағандығын тексеріңіз. Егер жыртылғандығы байқалса, дискіні
электрондық бұйымдар дүкендерінде сатылатын оптикалық диск жө
ндеу жинағымен
қалпына келтіріңіз.
Дискіні ойнатудан бұрын ұйқылық күйді ажыратыңыз.
Дискіні ойнатқан кезде ұйқылық күйді қоспаңыз. Əйтпесе, жалғастыру керектігін сұрайтын
ескерту хабары көрсетіледі. Егер осы хабарлама экранға шықса, Нет (Жоқ) түймешігін
82
ə қосымшасы Ақаулықтарды жою