User Guide - Windows 7

б Электростатикалық разряд
Электростатикалық ток соғуекі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр
тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын
сезім.
Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы
электрондық бөліктерді
зақымдайды. Компьютердiң немесе дискінің бұзылуын, мəлiметтiң
жоғалуын болдырмау үшiн мына сақтық шараларын орындаңыз:
Шығару немесе орнату нұсқаулары компьютердің ажыратылуын талап етсе, оны қатты
жерге қойып болған соң жəне қақпағын алып
тастамас бұрын ажыратыңыз.
Бөліктерді орнатуға дайын болғанша электростатикалық қауіпсіз орамада ұстаңыз.
Істікшелерге, электр ұштарға жəне схемаларға тиіп кетуден сақ болыңыз. Электрондық
бөліктерді мүмкіндігінше аз ұстаңыз.
Магниттік емес құралдарды пайдаланыңыз.
Бөліктерді
қолданбас бұрын оның боялмаған метал бетiне саусағыңызды тигізу арқылы
статикалық электр қуатын төмендетіңіз.
Бөліктерді шығарып алғаннан кейін оларды электростатикалық қауіпсіз орамаға салыңыз.
Егер сізге статикалық электр қуаты туралы немесе бөліктерді алу жəне
орнату туралы қосымша
ақпарат қажет болса, НР қолдау қызметіне хабарласыңыз.
84
б қосымшасы Электростатикалық разряд