User Guide - Linux

Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының Help (Анықтама)
бөлімінен қараңыз.
Сымды желіге қосылу
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
Жергілікті желіге (LAN) қосылу 8-істікшелі, RJ-45 желілік кабелін (бөлек сатылады) талап етеді.
Егер желі кабелінде ТД жəне радио толқындарының бөгеуілдерін болдырмайтын құрал (1) бар
болса, кабельдің (2) бұл құрал орналасқан ұшын компьютерге қарай орналастырыңыз.
Желілік кабельді жалғау үшін
1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын қабырғалық желі ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа
(суретте көрсетілмеген) жалғаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру
қатерінен аулақ болу үшін, модем немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына
жалғамаңыз.
Сымды желіге қосылу 19