User Guide - Linux
4 Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар
Пернетақтаны пайдалану
Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау
Жылдам перне - fn пернесі мен функционалдық пернелердің тіркесімі.
ЕСКЕРІМ: Жылдам пернелердің орналасқан жерлері туралы ақпаратты Компьютермен
танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲
fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт
басыңыз.
жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f3 Күту күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе
бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалту қауіп-қатерін азайту үшін, күту күйін қоспас бұрын жұмысыңызды
сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер күту режимінде болғанда батарея заряды өте төмен деңгейге жеткен
жағдайда
, компьютер ұйқы режиміне өтеді, ал жадтағы ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа
құрылғылардағы бейнелерді де ауыстыруы мүмкін.
fn + f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8 Микрофон дыбысын өшіреді немесе қалпына келтіреді.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
20 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар










