User Guide - Linux
жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f11 Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне сөндіреді.
ЕСКЕРІМ: Пернетақтаның жарықтандырғышы зауытта іске қосылады. Батареяның қызмет
ету мерзімін ұзарту үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
Пернетақталарды пайдалану
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану
ЕСКЕРІМ: Кірістірілген сандық пернетақтаның орналасқан жері туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Бөлік Сипаттама
num lk пернесі Біріктірілген сан пернелерінің панелінде жылжу жəне санды
функциялар арасында ауысады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына
келеді.
Кірістірілген сандық пернетақта num lk іске қосылған кезде оны сыртқы сандық пернетақта сияқты
пайдалануға болады. Сан функциясы мен жылжу функциясын
(пернелердегі бағыттау көрсеткілерімен белгіленген) ауыстыру
үшін, num lk пернесін басыңыз.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
●
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
● num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса,
компьютердегі num lock
шамы сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
▲
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Сенсорлы тақтаны қолдану 21










