User Guide - Linux
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет
жылдам түртіңіз.
Шарлау
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның тік жылжу аймағы арқылы жоғары жəне төмен
жылжу үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта үстінен жоғары жəне төмен жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сенсорлы тақтаны меңзерді басқа жерге жылжыту үшін пайдаланатын
болсаңыз, жылжу аймағына орналастырмастан бұрын, саусағыңызды сенсорлы тақтадан
көтеруіңіз керек. Саусақты сенсорлы тақтадан жылжу аймағына жайлап сырғыту жылжыту
функциясын белсендірмейді.
Таңдау
Сенсорлы тақтасының сол жəне оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің тиісті түймешіктері
ретінде пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін
сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
22 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар










