User Guide - Linux
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін батареяны, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш батареяны
немесе HP компаниясынан сатып алынған батареяны ғана пайдаланыңыз.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, дисплей
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да факторларға
байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əртүрлі болады.
Қалған батарея зарядын көрсету
▲ Меңзерді тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы Питание (Қуат) белгішесінің үстіне апарыңыз.
Батареяны салу жəне шығарып алу
Батареяны салу үшін
1. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, компьютерді тегіс бет үстінде аударып қойыңыз.
2. Батареядағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге туралап, батареяны ұясына салып,
оны (2) ұясына нық отырғанша басыңыз.
Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады.
Батареяны шығарып алу үшін
ЕСКЕРТУ: Жалғыз қуат көзі болатын батареяны алып тастау ақпараттың жоғалуын тудыруы
мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын,
ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріп тастаңыз.
1. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, компьютерді тегіс бет үстінде аударып қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
3. Батареяны жоғарыға тартып (2), компьютерден шығарып алыңыз (3).
34 Бап 6 Қуатты басқару










