User Guide - Linux

Батареяны зарядтау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз.
Батарея компьютер сыртқы ток көзіне айнымалы ток адаптері немесе қосымша қуат адаптері
арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады.
Компьютер өшірілген болса да не қолданыста болса да батарея зарядталады, бірақ компьютер
өшірілген кезде ол тез зарядталады.
Батарея жаңа болғанда, 2 немесе одан да көп апта бойына қолданылмағанда немесе бөлме
температурасынан жылырақ не салқынырақ болғанда,
зарядталу ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту жəне батарея заряды дисплейлерінің нақтылығын
оңтайландыру үшін осы ұсыныстарды орындаңыз:
Жаңа батареяны зарядтаған кезде, компьютерді қоспас бұрын оны толық зарядтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Батарея зарядталып жатқан кезде компьютер қосылып тұрса, хабарландыру
аймағындағы батарея көрсеткіші батарея толық зарядталып болғанға дейін толық
зарядталғанын көрсетуі мүмкін.
Зарядтамастан бұрын қалыпты қолданыста батареяның толық зарядтың 5 пайызынан
төмен таусылуына мүмкіндік беріңіз.
Батарея бір немесе одан да көп ай бойына қолданылмаса, оны қарапайым зарядтаудың
орнына батареяны тексеріңіз.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін
1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Система (Жүйе) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Управление
питанием (Қуатты басқару) тармағын таңдаңыз.
3. От батареи (Батарея қуатымен) қойыншасында:
Перейти в режим сна, если компьютер бездействует (Компьютер
пайдаланылмаған кезде ұйқы режимін қосу) параметрінің
сырғытпасын оң жаққа
жылжытып, 30 минутқа орнатыңыз.
При закрытии крышки ноутбука (Ноутбуктің қақпағы жабылған кезде) параметрінің
оң жағындағы Ждущий режим (Күту режимі) немесе Спящий режим (Ұйқы режимі)
мүмкіндігін таңдаңыз.
При очень низком уровне заряда батареи (Ноутбук батареясының заряды өте
төмен кезде) параметрінің оң жағындағы Спящий режим (Ұйқы режимі) немесе
Выключение (Жұмыстың аяқталуы) мүмкіндігін
таңдаңыз.
4. Перейти в режим сна, если дисплей бездействует (Дисплей пайдаланылмаған кезде
ұйқы режимін қосу) параметрінің сырғытпасын оң жаққа жылжытып, 15 минутқа орнатыңыз,
одан кейін Уменьшить яркость подсветки (Жарықтандырғыш жарықтығын азайту)
құсбелгісін қойыңыз.
5. Уменьшить яркость дисплея при простое (Əрекетсіз күйде болғанда дисплей
жарықтығын азайту) пəрменіне құсбелгі қойыңыз.
6. Закрыть (Жабу) пəрменін таңдаңыз.
Батарея
қуатын пайдалану 35