User Guide - Linux

ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін,
батареяны шығарып алмастан бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріп тастаңыз.
Төмен батарея деңгейлерін басқару
Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды.
Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Центр управления
(Басқару орталығындағы) Управление питанием (Қуатты басқару) параметрін қолдану арқылы
өзгертуге болады. Управление питанием (Қуатты басқару) арқылы орнатылған таңдаулы
параметрлер шамдарға əсер етпейді.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде,
батарея шамы жыпылықтайды.
Егер ұйқы режимі қосылып, компьютер қосулы немесе күту режимінде болса, компьютер
ұйқы күйіне ауысады.
Ұйқы күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе күту режимінде болғанда,
компьютер қысқа күту режиміне өтеді, одан кейін өшіріліп, барлық сақталмаған ақпарат
жоғалады
.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Компьютерді төмендегі құрылғылардың біреуі арқылы сыртқы айнымалы ток қуатына
қосыңыз:
Айнымалы ток адаптері
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу
1. Компьютерді өшіріңіз немесе күту күйін қосыңыз.
2. Зарядсыз батареяны
зарядталған батареяға ауыстырыңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйін қосыңыз.
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Зарядсыз батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз немесе айнымалы ток
адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып ұйқы күйінен шығыңыз.
36 Бап 6 Қуатты басқару