User Guide - Linux
Батарея қуатын үнемдеу
● Сымсыз жəне жергілікті желі (LAN) қосылымдарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде
модем бағдарламаларынан шығыңыз.
●
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
● Дисплей жарықтығын азайтыңыз.
●
Компьютер пайдаланылмаған кезде күту режимін не ұйқы күйін қосыңыз немесе
компьютерді өшіріңіз
.
Батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге
қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50
пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Қолданылған батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектеп
алуға, бұзуға немесе тесуге болмайды; батареяның сыртқы түйіспелерін тұйықтамаңыз,
батареяны отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяларды қоқысқа тастау туралы ақпарат алу үшін Заңдық, кауіпсідік жəне қоршаған орта
ескертулерін қараңыз.
Батареяны ауыстыру
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, дисплей
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да факторларға
байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əртүрлі болады.
Батарея туралы ақпаратты жəне құрылғы мəліметтерін табу үшін, хабарландыру аймағындағы
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан Батарея белгішесін нұқып, одан кейін
Батарея ноутбука (Ноутбук батареясы) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Қажет болғанда батарея қуатын пайдалануға мүмкіндік жасау үшін HP компаниясы
батарея сыйымдылығының көрсеткіші жасыл-сары түсті болып жанған уақытта, жаңа
батареяны сатып алуды ұсынады.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі
Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 37










