User Guide - Linux
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты алу немесе қайта
қою
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас
бұрын компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты алу
Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге қол
жеткізу үшін, қызмет көрсетуге арналған қақпақты алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты алу үшін:
1. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте
бөлімін қараңыз).
2. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған қақпақты босату ысырмасын
(1) сол жаққа сырғытыңыз, (егер қосымша бұранда пайдаланылып тұрса) бұранданы (2)
шығарып алып, қызмет көрсетуге арналған қақпақты шешу үшін, босату ысырмасын (3)
қайта сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет көрсетуге
арналған қақпақтың астында сақталады.
3. Қызмет көрсетуге арналған қақпақты компьютердің алдыңғы жағына қарай сырғытып (4),
оны шешіңіз (5).
40 Бап 7 Дискілер










