User Guide - Linux
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге
кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына орналастырыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына салу үшін:
1. Қызмет көрсетуге арналған қақпақты оның алдыңғы жиегін компьютердің (1) алдыңғы
жиегімен туралайтындай етіп төмен еңкейтіңіз.
2. Қызмет көрсетуге арналған қақпақтың артқы жиегіндегі туралау ілгектерін (2)
компьютердегі
кетіктерге енгізіңіз.
3. Қызмет көрсетуге арналған қақпақ орнында отырғанша оны батарея ұясына қарай
сырғытыңыз.
4. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған қақпақты босату ысырмасын
сол жаққа сырғытыңыз (3) жəне қажет болса, қызмет көрсетуге арналған есікті орнында
бекіту үшін қосымша бұранданы (4) орнына салып, бұрап қатайтыңыз. Қызмет көрсетуге
арналған қақпақты (5) орнында құлыптау үшін
, босату ысырмасын оң жаққа сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет көрсетуге
арналған қақпақтың астында сақталады.
5. Батареяны компьютерге салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін
қараңыз).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы, күту режимінде немесе ұйқы күйінде болғанда қатты дискіні шығармаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 41










