User Guide - Linux

Смарт картаны енгізу
1. Жапсырмасы бар карта жағын жоғары қаратып, карта нық отырғанша оны смарт карта оқу
құралына жайлап салыңыз.
2. Компьютерге смарт картаның PIN коды арқылы кіру жөніндегі экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Смарт картаны шығарып алу
Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз.
ExpressCard карталарын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
ExpressCard – өнімділігі жоғары дербес компьютер картасы, ол ExpressCard ұясына салынады.
ExpressCard карталары PCMCIA стандарт талаптарына сəйкес жасалады, бірақ құрылғы
пайдалану үшін бағдарламалық құралды орнату қажет болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Қуатты үнемдеу үшін, пайдаланылмаған кезде ExpressCard картасын тоқтатыңыз
немесе шығарып алыңыз. ExpressCard желілік құрылғы болса, оны компьютерден шығарып
алмастан бұрын оның жұмысын аяқтаңыз. ExpressCard жұмысын тоқтату үшін тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое соединение
(Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, желілік қосылысты
сөндіріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану 16-бетте
бөлімін жəне ExpressCard өндірушісінің нұсқауларын қараңыз.
46 Бап 8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар