User Guide - Linux
USB құрылғысын пайдалану
Əмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе
концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың
интерфейсі болып табылады.
Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
Компьютерде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрылғыларымен жұмыс істейтін 3 USB порты бар.
Сонымен қатар, компьютеріңізде
сыртқы құрылғыға қуат беретін USB зарядтау порты бар.
Қосымша қондыру құрылғысы немесе USB хабы компьютермен пайдалануға болатын қосымша
USB порттарымен қамтамасыз етеді.
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдамау үшін, USB құрылғысын күштеп жалғамаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы
мүмкін.
▲
USB құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының USB кабелін USB портына
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: USB жад құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін
хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе
компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін
USB құрылғысын пайдалану 49










