User Guide - Linux
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Recovery (Қалпына келтіру) құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге
мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТУ: Recovery (Қалпына келтіру) құралы қатты дискідегі мазмұнды толығымен жояды
да, қатты дискіні қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар жəне компьютерде орнатылған
барлық бағдарламалар біржолата жойылады. Recovery (Қалпына келтіру) құралы бастапқыда
орнатылған амалдық жүйені, НР бағдарламаларын жəне зауытта орнатылған драйверлерді
қайта орнатады. НР компаниясы арқылы орнатылмаған бағдарламалар, драйверлер мен
жаңартулар қолмен қайта орнатылуы тиіс. Жеке файлдар
сақтық көшірмеден қалпына
келтірілуі тиіс.
Компьютерді НР зауыттық кескіні арқылы қалпына келтіру үшін, ең алдымен қалпына келтіру
медиа құралын жасау қажет. Медиа құралы əлі жасалмаған болса,
Қалпына келтіру дискілерін
жасау 62-бетте бөлімін қараңыз.
Қалпына келтіру дискісімен компьютерді қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. НР зауыттық кескіні бар дискті оптикалық диск жетегіне салыңыз немесе USB-кілтін USB
портына жалғаңыз, одан кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз.
3. Computer Setup утилитасының жүктеу опцияларының мəзірін ашу үшін компьютер
басталғанда f9
пернесін басыңыз да, DVD дискісі қалпына келтіру үшін пайдаланылса,
оптикалық диск жетегі опциясын таңдаңыз. Егер USB-кілті пайдаланылса, USB disk on key
(USB-кілті) параметрін таңдаңыз.
4. Загрузка Linux (Linux жүктеу) мəзірінен Restore SLED HP-BNB preload image (SLED HP-
BNB алдын ала жүктелген кескінін қалпына келтіру) пəрменін таңдау үшін төмен көрсеткі
пернені, содан кейін еnter пернесін басыңыз.
5. Мына нұсқау берілгенде, көрсеткі пернелері арқылы Yes (Иə
) параметрін таңдаңыз: Do
you want to start the System-Restore? (Жүйені қалпына келтіруді бастауды қалайсыз
ба?)
6. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Барлық ақпаратты жойып, SLED құралын қайта
орнатыңыз.
Кейде, компьютеріңізден бас тартпас немесе оны қоқысқа тастамас бұрын компьютерді
толығымен қайта пішімдеуді жүзеге асыруды қалайсыз немесе жеке ақпаратыңызды алғыңыз
келеді. Осы бөлімде компьютерді оның бастапқы күйіне қайтару үшін жылдам əрі оңай əдіс
сипатталады. Бұл опция арқылы жеке ақпарат, бағдарламалар жəне компьютер
параметрлерінің барлығы жойылады жəне Linux амалдық жүйесі қайта орнатылады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл мүмкіндік арқылы мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесі
жасалмайды. Бұл мүмкіндікті пайдаланбас бұрын, сақтағыңыз келетін кез келген жеке
мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Бұл опцияны бастау үшін f11 пернесін басыңыз.
f11 пернесін пайдалану үшін
Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз.
64 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру










