User Guide - Linux

Дискіге жазу үрдісі басталмайды немесе аяқталғанға дейін тоқталады
Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз.
Күту режимінен немесе ұйқы күйінен шығыңыз.
Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз.
Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз.
Дискіні көшіріп жатқан кезде, мазмұнды жаңа дискіге көшірмес бұрын бастапқы дискідегі
ақпаратты қатты дискіге сақтап, одан
кейін қатты дискіден көшіріңіз.
Қолдау қызметіне хабарласу
Егер осы нұсқаулықтағы ақпарат арқылы мəселе шешілмесе, қолдау қызметімен мына
мекенжай бойынша хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау алу үшін,
http://www.hp.com/go/
contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін,
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады:
НР компаниясының маманымен Интернет арқылы чат сеансын жүргізу.
ЕСКЕРІМ: Белгілі бір тілде қолдауға байланысты сөйлесу мүмкін болмаса, ағылшын тілін
пайдалануға болады.
Электрондық пошта арқылы қолдау.
Қолдау қызметінің телефон нөмірлерін табу.
HP компаниясының қызмет көрсету орталығын табу.
Қолдау қызметіне хабарласу 79