User Guide - Linux

əКомпьютерді тазалау
Тазалау заттары
Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау үшін мына заттарды пайдаланыңыз:
Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет
қолданылатын майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.)
Шыны тазалауға арналған спиртсіз сұйықтық
Жеңіл сабынды ерітінді қосылған су
Құрғақ талшықты тазалағыш мата немесе күдері (майсыз антистатикалық мата)
Антистатикалық майлықтар
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді
пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз,
спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид жəне көмірсутектер сияқты ингредиенттердің
өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде,
кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс реті
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз:
Компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды
компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым
алуына əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Дисплейді жаппас бұрын оның құрғақ болғандығына көз жеткізіңіз.
Құрылғының жақтары немесе қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары немесе қақпағын тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының
біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын
антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қақпағынан кір жəне қалдықтарды тазалау кезінде шеңбер бойынша
жылжытыңыз.
82 Қосымша ə Компьютерді тазалау