User Guide - Windows 7

Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге
күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы
мүмкін.
(2)
USB 2.0 порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты
USB құрылғысын пайдалану 52-бетте
бөлімінен қараңыз.
(3) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы
қалыпты жағдай.
(4)
Thunderbolt порты Ажыратымдылығы жоғары дисплейге немесе өнімділігі
жоғары деректер құрылғысына қосады.
ЕСКЕРІМ: Thunderbolt – жаңа технология.
Құрылғыңызды Thunderbolt портына жалғамас бұрын,
Thunderbolt құрылғысына арналған ең соңғы
драйверлердің барлығын орнатыңыз. Thunderbolt сымы
жəне Thunderbolt құрылғысы (бөлек сатылады) Windows
жүйесімен үйлесімді болуы тиіс. Құрылғының Windows
үшін сертификатталған Thunderbolt құрылғысы екенін
анықтау үшін,
https://thunderbolttechnology.net/products
бөлімін қараңыз.
(5)
Қосарлы режимі бар DisplayPort порты Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор
сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды.
(6)
USB 3.0 зарядтау порты Қосымша USB 3.0 құрылғыларын жалғауға арналған
жəне USB арқылы қосылатын жақсартылған қуат
өнімділігімен қамтамасыз етеді. USB зарядтау порты
арқылы компьютер өшірулі болса да, белгілі бір ұялы
телефон жəне MP3 ойнатқыш үлгілерін зарядтауға
болады.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты
USB құрылғысын пайдалану 52-бетте
бөлімінен қараңыз.
10 Бап 2 Компьютермен танысу