User Guide - Windows 7

ЕСКЕРІМ: Thunderbolt – жаңа технология. Құрылғыңызды Thunderbolt портына жалғамас
бұрын, Thunderbolt құрылғысына арналған ең соңғы драйверлердің барлығын орнатыңыз.
Thunderbolt сымы жəне Thunderbolt құрылғысы (бөлек сатылады) Windows жүйесімен үйлесімді
болуы тиіс. Құрылғының Windows үшін сертификатталған Thunderbolt құрылғысы екенін
анықтау үшін,
https://thunderbolttechnology.net/products бөлімін қараңыз.
1. Thunderbolt кабелінің бір ұшын компьютердегі Thunderbolt портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплейге жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРІМ: Əсіресе, «Кеңейту» параметрін таңдасаңыз, сыртқы құрылғының экран
ажыратымдылығын реттеңіз. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) >
Оформление и персонализация (Безендіру жəне даралау) тармақтарын таңдаңыз.
Дисплей санатынан Регулировать разрешение экрана (Экран ажыратымдылығын
реттеу) пəрменін таңдаңыз.
DisplayPort (тек таңдаулы үлгілерде)
DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек
немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық
құралдарына жалғайды. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі
жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын DisplayPort арқылы жіберу үшін,
DisplayPort кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің DisplayPort портына бір ғана DisplayPort құрылғысын жалғауға
болады. Компьютер экранындағы ақпарат бір мезгілде DisplayPort құрылғысында да
көрсетіледі.
36 Бап 5 Мультимедиа