User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды
немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Intel Rapid Start Technology (Intel жылдам іске қосу технологиясы, тек таңдаулы
үлгілерде)
Таңдаулы үлгілерде əдепкі параметрлер бойынша RST (Intel Rapid Start Technology - Жылдам
іске қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылған. RST мүмкіндігі əрекетсіз тұрған компьютерді
бірден іске қосуға мүмкіндік береді.
RST мүмкіндігі қуатты үнемдеу опцияларын келесі жолдармен басқарады:
Ұйқылық күй: RST мүмкіндігі ұйқылық күйді таңдауға мүмкіндік береді. Ұйқылық күйден
шығу үшін кез келген пернені басыңыз, сенсорлы тақтаны іске қосыңыз немесе қуат
түймешігін тез басып
қалыңыз.
Күту күйі: RST мүмкіндігі күту күйін ұйқылық күйдегі компьютерде не батарея қуатымен, не
сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса батареяның заряды тым
төмен деңгейге жеткенде қосады. Күту күйінен шығып, жұмысты жалғастыру үшін, қуат
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: RST мүмкіндігін Setup Utility (BIOS) ішінде өшіруге болады. Күту күйін қосқыңыз
келсе, қуат параметрлерінде пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйі параметрін
таңдауыңыз тиіс.
Күйін қосу жəне одан шығу 40-бетте бөлімін қараңыз.
Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға
болады:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Дисплейді жабыңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Сон (Ұйқы) белгішесін басыңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Егер экран сөніп тұрса, оны
қосыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түрту немесе саусақты жылжыту.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, компьютерде
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат параметрлерін орнату 39