User Guide - Windows 7
Дискіні тазалау құралын қосу үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Қосалқы
құралдар) > System Tools (Қызметтік бағдарламалар) > Disk Cleanup (Диск тазалау)
тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP 3D DriveGuard бағдарламасы келесі шарттардың кез келгенінде дискіні қауіпсіз тоқтату жəне
ақпарат сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды:
●
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
●
Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмысына қайтарады.
ЕСКЕРІМ: Қатты күйдегі дискінің құрамында қозғалатын бөлшектер болмағандықтан, оны HP
3D DriveGuard арқылы қорғаудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРІМ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP 3D
DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша қондыру құрылғысына орнатылған немесе USB
портына қосылған қатты дискілер HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды.
3D DriveGuard күйін тексеру үшін, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы 3D DriveGuard белгішесінің үстіне көрсеткішті орналастырыңыз.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша қатты диск
ұясындағы (тек таңдаулы үлгілерде) дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын көрсету үшін
түсті өзгертеді. Дискінің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз позицияға
орнатылғанын анықтау үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы немесе Мобильділік орталығындағы белгішені
басыңыз.
●
Қатты диск
бағдарламалық құрал арқылы белсенді түрде қорғалып тұрғанда, белгішенің
үстінен баттасып жасыл құсбелгі
шығады.
●
Бағдарламалық құрал өшірілген болса, белгішенің үстінен
белгісі қойылмайды.
●
Мəселе кесірінен бағдарламалық құрал дискті қауіпсіз позицияға орнатса, белгішенің
үстінен баттасып сары түсті конус
белгісі шығады.
62 Бап 8 Дискілер










