User Guide - Windows 7

Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРІМ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мəселені уақытша шешу үшін, желіаралық
қалқанды уақытша өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды
қайта қосыңыз. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsofмаңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді
қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Амалдық жүйе үшін жаңартулар жəне басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан
жіберілгеннен кейін қол жетімді болуы мүмкін. Компьютерге қол жетімді барлық жаңартулардың
орнатылғанын тексеру үшін, осы нұсқауларды орындаңыз:
1. Компьютерді орнатқаннан кейін мүмкіндігінше тез Windows Update бағдарламасын іске
қосыңыз.
2. Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
3. Windows жəне басқа Microsoft бағдарламаларының жаңартуларын шығарылған кезде
Microsoft веб-торабы, сондай-
ақ анықтама жəне қолдау орталығындағы жаңартулар
сілтемесі арқылы алыңыз.
HP Client Security құралын пайдалану
HP Client Security бағдарламалық құралы кейбір компьютер үлгілерінде алдын ала орнатылып
келеді. Бұл бағдарламалық құралды Windows басқару тақтасынан ашуға болады. Оның
қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден
қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан
қараңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде əрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол
компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу
болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы
ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны
кілтпен жабыңыз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату 73