User Guide - Windows 7

Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы
модельдерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құралын пайдалану үшін, саусақ ізін HP Client Security бағдарламасының Credential Manager
құралында тіркеу қажет. HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-
тораптарда жəне бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау жəне жазу
үшін, HP Client Security бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір
сенсор:
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
Пернетақтаның оң жағында
Дисплейдің оң жақ жоғарғы бұрышында
Дисплейдің сол жағында
Компьютердің үлгісіне байланысты құрылғы көлденең немесе ұзыннан бағытталуы мүмкін.
Оның екі орналасу бағдары саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізетіндігіңізді
талап етеді. Компьютеріңіздегі оқу құралының орналасу
туралы ақпаратты Компьютермен
танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
74 Бап 9 Қауіпсіздік