User Guide - Windows 8

Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Жад картасын оқу құрылғысы Ақпаратты Secure Digital (SD) сияқты жад карталарынан
оқиды жəне мəліметтерді карталарға жазады.
(2)
Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио
кіріс (микрофон) ұясы
Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге,
құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына
қосылған кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына
қол жеткізу үшін, Бастау экранындағы HP Support
Assistant қолданбасын таңдап, Мой компьютер (Менің
компьютерім), содан кейін User guides (Пайдаланушы
нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(құлақаспап) жəне аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сəйкес келетін 4 сымды
қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(3)
USB 3.0 порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты
USB құрылғысын пайдалану 53-бетте
бөлімінен қараңыз.
(4) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютер үлгісіне байланысты оптикалық дисктен
оқиды жəне дискке жазады.
ЕСКЕРІМ: Дисктердің сыйысымдылығы туралы
ақпаратты алу үшін, Анықтама жəне қолдау веб-
торабына өтіңіз (
Ақпаратты табу 2-бетте бөлімін
қараңыңыз. Компьютер үлгісін таңдау үшін веб-
тораптағы нұсқауларды орындаңыз. Support & Drivers
(Қолдау жəне драйверлер) пəрменін, одан кейін Product
Information (Өнім туралы ақпарат) пəрменін таңдаңыз.
Оң жағы 9