User Guide - Windows 8
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы
бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
fn + f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8 Микрофон дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f11 Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне сөндіреді.
ЕСКЕРІМ: Пернетақтаның артқы жарығы зауытта іске қосылады. Батарея қызмет мерзімін
арттыру үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютеріңізде біріктірілген сандық пернетақта бар. Бұған қоса, компьютер қосымша сыртқы
сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны
қолдайды.
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану
ЕСКЕРІМ: Кірістірілген сандық пернетақтаның орналасқан жері туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Бөлік Сипаттама
num lk пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын жəне
сандар функциясын атқарады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына
келеді.
Кірістірілген сандық пернетақта num lk пернесі қосылғанда, оны сыртқы сандық пернетақта сияқты
пайдалануға болады.
Пернетақтаны пайдалану 31










