User Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: Thunderbolt жаңа технология болып табылады. Құрылғыңызды Thunderbolt портына
жалғамас бұрын, Thunderbolt құрылғысына арналған ең соңғы драйверлердің барлығын
орнатыңыз. Thunderbolt сымы жəне Thunderbolt құрылғысы (бөлек сатылады) Windows
жүйесімен үйлесімді болуы тиіс. Құрылғының Windows үшін сертификатталған Thunderbolt
құрылғысы екенін анықтау үшін,
https://thunderbolttechnology.net/products бөлімін қараңыз.
1. Thunderbolt кабелінің бір ұшын компьютердегі Thunderbolt портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4
пернесін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен
көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз, əсіресе, «Кеңейту»
параметрін таңдасаңыз. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар
тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз. Оформление и
персонализация (Безендіру жəне даралау) пəрменін таңдаңыз. Тамаша нəтижелер алу
үшін Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу)
параметрін таңдаңыз.
DisplayPort (тек таңдаулы үлгілерде)
DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек
немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық
құралдарына жалғайды. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі
жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын DisplayPort арқылы жіберу үшін,
DisplayPort кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
Бейне 37










