User Guide - Windows 8

Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз:
Айнымалы ток адаптері
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Ешқандай қуат көзі болмаған кезде, батареядағы зарядтың деңгейі төмен болса, жұмысты
сақтаңыз да, компьютерді өшіріңіз.
Батареяны салу жəне шығарып алу
Батареяны салу
Батареяны салу үшін
1. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, компьютерді тегіс бет үстінде аударып қойыңыз.
2. Батареядағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге туралап, батареяны ұясына салып,
оны (2) ұясына нық отырғанша басыңыз.
Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады.
Батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны
шығарып алмас бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы
өшіріп тастаңыз.
1. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, компьютерді тегіс бет үстінде аударып қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
44 Бап 6 Қуатты басқару