User Guide - Windows 8
Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды
сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Intel Smart Response Technology (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® Smart Response технологиясы (SRT) — компьютер жүйесінің жұмысын елеулі түрде
жақсартатын Intel® Rapid Storage технологиясы (RST) кэштеу мүмкіндігі. SRT мүмкіндігі SSD
mSATA модулі бар компьютерлерді жүйе жады мен қатты диск жетегі арасындағы кэш жады
рəтінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл бір уақытта SSD жақсартылған жүйе жұмысының
тəжірибесін қамтамасыз ете отырып, ең үлкен сақтау сыйымдылығы үшін қатты диск жетегін
(немесе RAID көлемі) иемдену артықшылығын береді.
Қатты
дискіні қоссаңыз не жаңартсаңыз жəне RAID көлемін орнатуды көздесеңіз, SRT
мүмкіндігін уақытша ажыратып, RAID көлемін орнатуыңыз керек, одан кейін SRT мүмкіндігін
қосыңыз. SRT мүмкіндігін уақытша ажырату үшін:
1. Бастау экранында Intel сөзін теріңіз, одан кейін Intel Rapid Storage Technology (Intel
Rapid Storage технологиясы) пəрменін таңдаңыз.
2. Состояние (Күй) параметрін нұқып, Производительность (Өнімділік) аймағында Dynamic
Storage Accelerator (Динамикалық жад жылдамдатқышы) сілтемесінің жұмыс істемейтініне
көз жеткізіңіз.
3. Қажет
болса, Аяқтау үшін Жылдамдату режимін күтіңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: RAID режимдерін ауыстыру кезінде SRT мүмкіндігін уақытша
ажыратуыңыз керек. Өзгертуді жасап, SRT мүмкіндігін қайта қосыңыз. Бұл мүмкіндікті уақытша
ажыратпау RAID көлемдерін жасау не өзгерту үшін кедергі келтіреді.
ЕСКЕРІМ: HP өзіндік шифрлау дискілері (SED) бар SRT мүмкіндігін қолдамайды.
Қызметтік қақпақты алу немесе орнына салу
Қызметтік қақпақты алу
Жад модулі ұясы, қатты диск пен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге арналған
қақпақты алыңыз.
1. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 44-бетте бөлімін
қараңыз).
2. Қызмет көрсетуге арналған қақпақты босату үшін, батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет
көрсетуге арналған қақпақ ысырмаларын (1) солға сырғытыңыз, бұранданы алыңыз (егер
қосымша бұранда қолданылса) (2), одан кейін босату ысырмасын (3) қайтадан
сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет көрсетуге
арналған қақпақтың астында сақталады.
58 Бап 8 Дискілер










