User Guide - Windows 8
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне
дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
●
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде
жылжытасыз.
Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
ЕСКЕРІМ: Қатты күйдегі диск жетектерінің (SSDs) қозғалмалы бөлшектері болмағандықтан,
HP 3D DriveGuard қажет емес.
ЕСКЕРІМ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP 3D
DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша қондыру құрылғыларына орнатылған немесе USB
порттарына қосылған қатты дискілер HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды.
3D DriveGuard күйін тексеру үшін, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы 3D DriveGuard белгішесінің үстіне көрсеткішті орналастырыңыз.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы жəне (немесе) қосымша қатты
диск ұясындағы (тек таңдаулы үлгілерде) дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын көрсету
үшін түсті өзгертеді. Дискілердің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз
позицияға орнатылғанын анықтау үшін, Windows жұмыс үстеліндегі тапсырмалар тақтасының
оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы немесе Мобильділік орталығындағы
белгішені басыңыз:
●
Қатты
диск бағдарламалық құрал арқылы белсенді түрде қорғалып тұрғанда, белгішенің
үстінен баттасып жасыл құсбелгі
шығады.
●
Бағдарламалық құрал өшірілген болса, белгішенің үстінен
белгісі қойылмайды.
●
Мəселе кесірінен бағдарламалық құрал дискті қауіпсіз позицияға орнатса, белгішенің
үстінен баттасып сары түсті конус
белгісі шығады.
RAID құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
RAID технологиясы компьютерде екі немесе одан да көп қатты дискіні бір уақытта қатар
қолдануға мүмкіндік береді. RAID технологиясы көмегімен аппараттық немесе бағдарламалық
құрал параметрлері арқылы бірнеше дискілер біртұтас диск ретінде қолданылады. Егер
бірнеше диск біртұтас диск ретінде жұмыс істейтіндей етіп орнатылған болса, олар RAID
мөлшері деп аталады. Қосымша ақпаратты НР веб-торабында қараңыз. Пайдаланушы
нұсқаулықтарының
ең соңғы нұсқаларын алу үшін, қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та
қолдау қызметін пайдалану үшін
http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайына өтіңіз.
Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:
http://welcome.hp.com/country/us/en/
wwcontact_us.html.
RAID құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)63










