User's Guide
Принтердің басқару тақтасын пайдаланып веб-қызметтерді орнату
1. Экранның жоғарғы жағынан Құралдар тақтасын ашу үшін қойындыны түріп, төмен сүйреңіз де,
( Теңшеу ) түймесін түртіңіз.
2. Веб-қызметтерді орнату түймесін түртіңіз.
3. Веб-қызметтерді пайдалану шарттарын қабылдау үшін Қабылдау түймесін басып, Веб-
қызметтерді қосыңыз.
4. Көрсетілген экранда принтердің өнім жаңартуларын автоматты түрде тексеруіне рұқсат беру
үшін OK түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси-параметрлерді
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен хабарласыңыз.
5. Printer Update Options (Принтерді жаңарту параметрлері) экраны көрсетілсе, параметрлердің
бірін таңдаңыз.
6. Принтер серверге қосылған кезде, принтер мәліметтер бетін басып шығарады. Орнатуды аяқтау
үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
Кірістірілген веб-сервер арқылы веб-қызметті орнату
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-сервер (EWS)
бөлімін қараңыз.
2. Веб-қызметтер қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтерінің параметрлері бөлімінен Теңшеу түймесін, Continue (Жалғастыру) түймесін
басып, пайдалану шарттарын қабылдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Нұсқау берілсе, принтердің тексеруіне рұқсат етуді таңдап, принтер жаңартуларын орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жаңартулар қолжетімді болған кезде, олар автоматты түрде жүктеледі және
орнатылады, содан соң принтер қайта іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси-параметрлерді
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен хабарласыңыз.
5. Принтер серверге қосылған кезде, принтер мәліметтер бетін басып шығарады. Орнатуды аяқтау
үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
HP принтерінің бағдарламалық құралы арқылы веб-қызметтерді орнату (Windows)
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
2. Көрсетілетін терезеде Басып шығару, Сканерлеу және Факс жіберу түймесін екі рет басып,
«Басып шығару» тармағындағы Принтерді вебке қосу параметрін таңдаңыз. Принтердің басты
беті (енгізілген веб-сервері) ашылады.
3. Веб-қызметтер қойындысын басыңыз.
4. Веб-қызметтерінің параметрлері бөлімінен Теңшеу түймесін, Continue (Жалғастыру) түймесін
басып, пайдалану шарттарын қабылдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Нұсқау берілсе, принтердің тексеруіне рұқсат етуді таңдап, принтер жаңартуларын орнатыңыз.
KKWW Веб-қызметтерді орнату 97