User's Guide

Сымсыз желіде принтерді орнату
Сымсыз байланысты орнату үшін принтердің басқару тақтасы дисплейінен сымсыз орнату шеберін
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғастырмас бұрын Бастамас бұрын бөліміндегі тізімді қараңыз.
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, (Сымсыз) түймесін түртіңіз.
2. ( Параметрлер ) түймесін түртіңіз.
3. Сымсыз байланыс параметрлері түймесін түртіңіз.
4. Wireless Setup Wizard (Сымсыз орнату шебері) немесе Wi-Fi Protected Setup (Wi-Fi қорғалған
орнату) белгішесін түртіңіз.
5. Орнатылымды аяқтау үшін дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
USB байланысы сияқты әр түрлі байланыс түрі бар принтерді бұрыннан пайдаланып жатсаңыз, сымсыз
желіде принтерді орнату үшін Байланыс түрін өзгерту бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
Байланыс түрін өзгерту
HP принтерінің бағдарламалық құралын орнатқаннан және принтерді компьютерге немесе желіге
қосқаннан кейін, байланыс түрін өзгерту (мыс., USB байланысынан сымсыз байланысқа) үшін
бағдарламалық құралын қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Ethernet кабелін қоссаңыз, принтердің сымсыз байланыс мүмкіндігін өшіреді.
Ethernet байланысынан сымсыз байланысқа өзгерту (Windows)
1. Ethernet кабелін принтерден ажыратыңыз.
2. Сымсыз байланыс орнату үшін Сымсыз байланыс орнату шеберін іске қосыңыз. Қосымша ақпарат
алу үшін Сымсыз желіде принтерді орнату бөлімін қараңыз.
USB байланысын сымсыз желіге өзгерту (Windows)
Жалғастырмас бұрын Бастамас бұрын бөліміндегі тізімді қараңыз.
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
2. Tools (Құралдар) түймесін басыңыз.
3. Device Setup & Software (Құрылғыны орнату және бағдарламалық құрал) түймесін басыңыз.
4. Изменить USB-подключение принтера на беспроводное (Принтердің USB қосылысын сымсыз
қосылысына ауыстыру) тармағын таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
USB немесе Ethernet байланысынан сымсыз байланысқа өзгерту (OS X)
1. USB немесе Ethernet кабелін принтерден ажыратыңыз.
2. Принтерді желінің әдепкі мәндеріне қалпына келтіріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Түпнұсқа
зауыттық әдепкі мәндер мен параметрлерді қалпына келтіру бөлімін қараңыз.
3. 123.hp.com сайтынан HP Easy Start ең соңғы нұсқасын жүктеп алыңыз.
4. HP Easy Start мүмкіндігін ашып, принтерге қосу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
106 8-тарау Желі орнату KKWW