User's Guide
2 Жұмысқа кіріскенде
Бұл нұсқаулық принтерді қолдану және ақауларды шешу жолы туралы толық деректерді береді.
●
Қол жетімділік
●
HP EcoSolutions (HP және қоршаған орта)
●
Принтер бөліктерін түсіну
●
Принтер басқару тақтасын қолдану
●
Қағаз негіздері
●
Науалармен жұмыс
●
Қағазды салу
●
Сканер әйнегіне түпнұсқаны салу
●
Құжатты беретін құралға түпнұсқаны салу
●
Принтерді жаңарту
●
HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows)
●
Принтерді өшіру
Қол жетімділік
Принтер қабілеттері төмен адамдардың қолдануы үшін көптеген мүмкіндіктерді береді.
Көру
HP бағдарламалық жасақтамасын көру қабілеті зақымдалған немесе нашарлаған пайдаланушылар
оны бағдарламалық жүйелерге кіру параметрлері мен мүмкіндіктері арқылы қолдана алады. Сондай-
ақ, бағдарламалық құрал экранда оқу, көзі көрмейтін адамдар үшін басу және сөйлеу деректерін
мәтінге айналдыратын бағдарламалар сияқты ең жоғары сауықтыру техникаларына қолдау
көрсетеді. Түсті ажыратып білмейтін пайдаланушылар үшін HP бағдарламалық құралында
қолданылатын түспен белгіленген түймешіктер мен қойындыларда сәйкес әрекетті беретін
қарапайым мәтін немесе белгіше жапсырмалары болады.
Қозғалу
Қозғалу қабілеттері төмен пайдаланушылар үшін HP бағдарламалық құралының функцияларын
пернетақта пәрмендері арқылы орындауға болады. Сондай-ақ, HP бағдарламалық құралы
жабыспалы пернелер, қосу пернелері, сүзгі пернелері және тінтуір пернелері сияқты Windows жүйесін
қолдану параметрлеріне қолдау көрсетеді. Күші және қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі адамдар да
принтер есіктерін, түймелерін, қағаз науаларын және қағазды бағыттауыштарды қолдана алады.
Қолдау
HP өнімдеріне арналған қол жетімділік шешімдері туралы қосымша мәліметтерді алу үшін HP қол
жетімділік және ескіру веб-сайтына өтіңіз (www.hp.com/accessibility).
OS X үшін арнайы мүмкіндіктер туралы ақпаратты Apple компаниясының www.apple.com/accessibility
веб-сайтынан қараңыз.
2 2-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW










