User's Guide
Түпнұсқа зауыттық әдепкі мәндер мен параметрлерді
қалпына келтіру
Егер кейбір функцияларды өшірсеңіз немесе кейбір параметрлерді өзгертсеңіз және өзгертуді
қайтарғыңыз келсе, онда принтердің бастапқы зауыттық параметрлерін немесе желі параметрлерін
қалпына келтіруге болады.
Таңдалған принтер функцияларын бастапқы зауыттық параметрлеріне қалпына келтіру
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, ( Теңшеу ) түймесін түртіңіз.
2. Принтерге күтім жасау түймесін түртіңіз.
3. Қалпына келтіру түймесін түртіңіз.
4. Параметрлерді қалпына келтіру түймесін түртіңіз.
5. Бастапқы зауыттық параметрлерге қойылатын функцияны таңдаңыз:
● Көшіру
● Сканерлеу
● Факс
● Фотосурет
● Желі
Қалпына келтіру түймесін түртіңіз.
Параметрдің қалпына келтірілгенін көрсететін хабар пайда болады.
6. Қалпына келтіру түймесін түртіңіз.
Принтерді бастапқы зауыттық параметрлерге қою
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, ( Теңшеу ) түймесін түртіңіз.
2. Принтерге күтім жасау түймесін түртіңіз.
3. Қалпына келтіру түймесін түртіңіз.
4. Зауыттың әдепкі параметрлерін қалпына келтіру түймесін түртіңіз.
Зауыттың әдепкі параметрлері қалпына келтірілгендігі туралы хабар пайда болады.
5. Continue (Жалғастыру) түймесін түртіңіз.
Принтердің бастапқы желі параметрлерін қалпына келтіру
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, ( Теңшеу ) түймесін түртіңіз.
2. Желі орнату түймесін басыңыз.
3. Желі параметрлерін қалпына келтіру түймесін түртіңіз.
Желінің әдепкі параметрлері қалпына келтірілгені туралы хабар пайда болады.
152 10-тарау Мәселені шешу KKWW










