User's Guide

4. Да (Иә) түймесін басыңыз.
5. Желі конфигурациясы бетін басып шығарып, бұо желінің параметрлері қайта орнатылғанын
тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердің желі параметрлерін қайта орнатқан кезде, бұрын теңшелген сымсыз және
Ethernet параметрлері (сілтеме жылдамдығы немесе IP мекенжайы сияқты) жойылады. IP мекенжайы
қайтадан Автоматты режиміне орнатылады.
КЕҢЕС: Көптеген жиі кездесетін принтер ақауларын түзетуге көмектесетін ақпарат пен қызметтік
бағдарламаларды алу үшін www.hp.com/support мекенжайындағы HP компаниясының онлайн қолдау
қызметі веб-сайтына кіруге болады.
(Windows) Басып шығару қателерін анықтап, автоматты түрде түзету үшін HP Print and Scan Doctor
бағдарламасын іске қосыңыз. Бағдарлама кейбір тілдерде ғана қолжетімді.
HP қолдау қызметі
Өнімнің соңғы жаңартулары мен қолдау туралы ақпаратты алу үшін, www.hp.com/support
мекенжайындағы принтерді қолдау қызметінің веб-сайтына кіріңіз. HP онлайн режимінде қолдау
принтерге қатысты түрлі қызметтерді ұсынады:
Драйверлер және жүктеулер: Бағдарламалық құрал драйверлері мен жаңартуларды, сондай-ақ,
принтер қорабында болатын нұсқаулықтар мен құжаттамаларды жүктеп алыңыз.
HP қолдау форумдары: Жалпы сұрақтар мен мәселелердің жауабын алу үшін, HP қолдау форумдарына
қатысыңыз. Басқа HP тұтынушылары жариялаған сұрақтарды көре аласыз немесе жүйеге кіріп, жеке
сұрақтарыңызды қойып және түсініктемелер қалдыра аласыз.
Ақауларды жою: Принтерді тексеріп, ұсынылатын шешімдерді табу үшін, HP онлайн режиміндегі
құралдарын пайдаланыңыз.
HP қолдау қызметімен хабарласу
Мәселені шешу үшін, HP техникалық қолдау қызметінің өкілінен көмек қажет болса, Қолдау қызметінің
хабарласу веб-сайтына кіріңіз. Келесі байланысу түрлері кепілдеме бар тұтынушылар үшін тегін (HP
агентінің көрсеткен қызметі кепілдемесі жоқ тұтынушылар үшін ақылы болуы мүмкін):
HP қолдау қызметінің агентімен онлайн режимінде хат алмасу.
HP қолдау қызметінің агентін шақыру.
HP қолдау қызметіне хабарласқан кезде келесі ақпаратты беруге дайын болыңыз:
Өнім атауы (HP OiceJet Pro 7740 сияқты принтерде орналасқан)
KKWW HP қолдау қызметі 153