User's Guide

Пластмассалар
Өнімді қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін қайта өңдеу мақсаттарында пластмассаларды анықтау
мүмкіндігін ұлғайтатын халықаралық стандарттарға байланысты 25 грамнан артық пластмасса
бөліктері белгіленген.
Материалдардың қауіпсіздігі туралы деректер парақтары
Материалдардың қауіпсіздігі туралы деректер тізімін HP веб-сайтынан алуға болады:
www.hp.com/go/msds
Қайта өңдеу бағдарламасы
HP компаниясы көптеген елдерде/аймақтарда өнімді қайтарудың және қайта өңдеу
бағдарламаларының ұлғайтылған санын ұсынады және дүние жүзі бойынша ең үлкен электрондық
қайта өңдеу орталықтарымен серіктес болып табылады. HP компаниясы ең танымал өнімдерінің
кейбірін қайта сату арқылы ресурстарын сақтайды. НР өнімдерін қайта өңдеуге қатысты қосымша
ақпарат алу үшін келесі торапқа өтіңіз:
www.hp.com/recycle
HP сия жабдықтарын қайта өңдеу бағдарламасы
HP компаниясы қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарайды. HP сия жабдықтарын қайта
өңдеу бағдарламасы көптеген елдерде/аймақтарда қол жетімді және пайдаланылған басып шығару
картридждарын және сия картридждарын тегін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Қосымша ақпарат алу
үшін келесі веб-сайтқа өтіңіз:
www.hp.com/recycle
Қуатты тұтыну
ENERGY STAR® логотипімен белгіленген HP басып шығару және кескін жабдығы АҚШ қоршаған ортаны
қорғау ұйымымен бекітілген. Келесі белгі ENERGY STAR бойынша сертификатталған кескін өнімдерінде
көрсетіледі:
Қосымша ENERGY STAR бойынша сертификатталған кескін өнімінің үлгісі туралы ақпарат төмендегі
сайтта берілген: www.hp.com/go/energystar
KKWW Қоршаған орта өнімін ұйымдастыру бағдарламасы 167