User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Принтерді жаңарту қол жетімді болса, принтер жаңартуларды жүктейді және орнатады,
кейінірек қайта бастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси-параметрлерді пайдаланса,
прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін желі
әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен байланысыңыз.
HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows)
HP принтердің бағдарламалық құралы орнатылғаннан кейін операциялық жүйеңізге байланысты
келесі әрекеттердің бірін орындаңыз
.
Windows 10: Компьютердің жұмыс үстелінен Start (Бастау) түймесін басып, All apps (Барлық
бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін басыңыз, содан соң принтер атауы бар белгішені
таңдаңыз.
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер
атауын таңдаңыз.
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
Windows XP, Windows Vista және Windows 7: Компьютердің жұмыс үстелінен Пуск (Бастау)
түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін басыңыз,
содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.
Принтерді өшіру
Принтерді өшіру үшін (Қуат түймесі) түймесін басыңыз. Қуат сымын ажыратпас бұрын немесе
ұзартқышты өшірмес бұрын қуат шамының өшірілгенін күтіңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтерді дұрыс өшірмесеңіз, басып шығаратын каретканың дұрыс орнына
қайтарылмауы, картридждеріндегі және басып шығару сапасындағы ақауларға әкелуі мүмкін.
KKWW HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) 29