User's Guide
● Windows 10: Windows жүйесінің Start (Бастау) мәзірінен All apps (Барлық бағдарламалар)
параметрін таңдап, Windows System (Windows жүйесі), одан кейін Devices (Құрылғылар)
тармағын таңдап, Devices and printers (Құрылғылар мен принтерлер) түймесін Related
settings (Қатысты мәзірлер) тармағының астында басыңыз. Принтер атауын таңдап, Print
server properties (Басып шығару серверінің сипаттары) параметрін таңдаңыз.
● Windows 8.1 және Windows 8: Белгішелер жолағын ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ
бұрышына нұсқаңыз немесе түртіңіз, Параметрлер белгішесін басып, Басқару тақтасы
түймесін басыңыз немесе түртіңіз, сонан соң Құрылғылар мен принтерлерді көру пәрменін
басыңыз немесе түртіңіз. Принтер атауын басып немесе түртіп, Басып шығару серверінің
сипаттары түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
● Windows 7: Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мәзірінен Устройства и принтеры (Құрылғылар
және принтерлер) пәрменін басыңыз Принтер атауын таңдап, Басып шығару серверінің
сипаттары параметрін таңдаңыз.
● Windows Vista: Windows жүйесінің Бастау мәзіріндегі Басқару тақтасы параметрін басып,
Принтерлер түймешігін басыңыз. Принтерлер терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң
жағымен басып, Сервер сипаттары параметрін таңдаңыз.
● Windows XP: Windows жүйесіндегі Пуск (Бастау), Панель управления (Басқару тақтасы),
Принтеры и факсы (Принтерлер және факстар) тармақтарын таңдаңыз. Файл мәзірінде
Сервер сипаттары түймесін басыңыз.
2. Жаңа пішін жасау ұяшығына белгі қойыңыз.
3. Реттелетін өлшем қағазының атауын енгізіңіз.
4. Пішін сипаттамасы (өлшемдері) бөліміне реттелетін өлшемді енгізіңіз.
5. Пішінді сақтау түймесін басып, Жабу түймесін басыңыз.
Реттелетін өлшемдерді орнату (OS X)
1. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
● Бағдарламалық құралдағы Файл мәзірінен Параметры страницы (Беттің параметрлері)
түймешігін басып, қолданылатын принтердің Формат (Пішімде) қалқымалы мәзірінде
таңдалғанын тексеріңіз.
● Бағдарламалық құралдағы Файл мәзірінен Печать (Басып шығару) түймешігін басып,
қолданылатын принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
2. Размер бумаги (Қағаз өлшемі) қалқымалы мәзірінде Управлять пользовательскими размерами
(Реттелетін өлшемдерді басқару) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер осы параметрлерді Печать (Басып шығару) диалогынан көрмесеңіз, Принтер
қалқымалы мәзірінің жанындағы ашық үшбұрышты басып, Показать подробности (Толық
деректерді көрсету) түймесін басыңыз.
3. Экранның сол жағындағы + түймесін басып, Неназванный (Атаусыз) тармағын екі рет басып,
жаңа, реттелетін өлшем үшін атауды теріңіз.
4. Ширина (Ені) және Высота (Биіктігі) жолақтарына өлшемдерді теріңіз және оларды теңшеу үшін
жақтауларды орнатыңыз.
5. OK түймешігін басыңыз.
36 3-тарау Басып шығару KKWW










