User's Guide

HP All-in-One принтерінің Remote қолданбасы iOS, Android және Windows Mobile жүйелерінде
қолданылады. Принтеріңіздің мүмкіндіктерін кеңейту үшін оны App Store немесе Google Play Store
дүкендерінен орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір мүмкіндіктер принтердің барлық модельдерінде қолданылмауы мүмкін. Сондай-
ақ, HP All-in-One принтерінің Remote бағдарламасы барлық тілде болмауы мүмкін. Қосымша ақпаратты
http://www.hp.com/support сайтынан қараңыз.
Сәтті басып шығару туралы кеңестер
Принтер драйверінде таңдалған бағдарламалық құрал параметрлері басып шығару үшін ғана
қолданылады, олар көшіру немесе сканерлеу үшін қолданылмайды.
Құжатты қағаздың екі жағына да басып шығара аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін Екі жаққа басып
шығару (екі жақты күйі) бөлімін қараңыз.
Сия туралы кеңестер
Басып шығару сапасы ұнамаған жағдайда, қосымша ақпарат үшін Басып шығару ақаулары
бөлімін қараңыз.
Түпнұсқа HP картридждерін пайдаланыңыз.
Түпнұсқа HP картридждері жақсы нәтижелерді әрдайым оңай беру үшін жасалып, HP
принтерлерімен және қағаздарымен тексеріледі.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы өздері шығармаған жабдықтардың сапасына немесе сенімді
екендігіне кепілдік бере алмайды. HP компаниясы шығармаған жабдықтарды пайдалану
нәтижесінен болған принтер қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстары кепілдікке кірмейді.
Түпнұсқа HP картридждерін сатып алғандығыңызға сенімді болсаңыз, www.hp.com/go/
anticounterfeit сайтына өтіңіз.
Қара және түсті картридждерді дұрыс орнатыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Картридждерді ауыстыру бөлімін қараңыз.
Сияның жеткілікті екеніне көз жеткізу үшін картридждердегі есептелген сия деңгейлерін
тексеріңіз
Қосымша ақпарат алу үшін Анықталған сия деңгейлерін тексеру бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
анықтауларды береді. Индикатор төмен сия деңгейлерін көрсеткенде, ықтимал басып шығару
кешігулерін болдырмау үшін ауыстыратын сия картриджінің болуын қарастырыңыз. Орындау
сұралмайынша картридждерді ауыстырудың керегі жоқ.
Принтерге қондырмаларды қорғауға мүмкіндік беру үшін (Қуат түймесі)түймесін басу арқылы
принтерді әрдайым өшіріңіз.
40 3-тарау Басып шығару KKWW