User's Guide
4 Көшіру және сканерлеу
●
Көшіру
●
Сканерлеу
●
Сәтті көшіру және сканерлеу туралы кеңестер
Көшіру
Құжатты немесе жеке куәліктің көшірмесін көшіру
1. Кіріс науасына қағаздың салынғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін
қараңыз.
2. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканер әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты беретін
құралға жоғары қаратып қойыңыз.
3. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Көшіру түймесін басыңыз.
4. Құжат немесе Айқындау картасы таңдаңыз.
5. Көшірмелер санын таңдау үшін сол жаққа немесе оң жаққа айналдырыңыз немесе басқа
параметрлерді жасаңыз.
КЕҢЕС:
Келешектегі тапсырмалар үшін параметрді әдепкі ретінде сақтау үшін, ( Көшіру
параметрлері ) түймесін түріңіз де, Save Current Settings (Ағымдағы параметрлерді сақтау)
пәрменін таңдаңыз.
6. Start Black (Қара түсте бастау) немесе Start Color (Түрлі түстен бастау) параметрін таңдаңыз.
Сканерлеу
Құжаттарды, фотосуреттерді және басқа да қағаз түрлерін сканерлеуге және оларды компьютер
немесе электрондық хабар алушысы секілді тағайындалған әр түрлі орындарға жіберуге болады.
Құжаттарды HP принтерінің бағдарламалық құралымен сканерлеген кезде іздеуге және өңдеуге
болатын пішімде сканерлеуге болады.
Жиексіз түпнұсқаны сканерлеу кезінде құжатты беретін құралын емес, сканер әйнегін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір сканерлеу функциялары HP бағдарламалық құралын орнатқаннан кейін ғана қол
жетімді болады.
КЕҢЕС: Құжаттарды сканерлеу кезінде ақаулар туындаса, Сканерлеу ақаулары бөлімін қараңыз.
●
Компьютерге сканерлеу
●
Жад құрылғысына сканерлеу
●
Электрондық поштаға сканерлеу
●
Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу
●
Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеу
KKWW Көшіру 43










