User's Guide

4. Қажет болғанда, сканерлеу параметрлеріне өзгертулер енгізіңіз.
5. Сканерлеуді бастау басыңыз.
Электрондық поштаға сканерлеу
Scan-to-Email App - фотосуреттерді немесе құжаттарды HP All-in-One принтерінен тікелей сканерлеуге
және көрсетілген алушыларға электрондық хабармен жіберуге мүмкіндік беретін бағдарлама.
Электрондық пошта мекенжайын орнатуыңызға, тіркелгілеріңізге берілген PIN кодтармен кіріп,
құжаттарыңызды сканерлеуге және электрондық хабар жіберуіңізге болады.
Осы бөлімде келесі тақырыптар бар:
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін орнату
Электрондық поштамен жіберілетін құжатты немесе фотосуретті сканерлеу
Тіркелгі параметрлерін өзгерту
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін орнату
1. Принтердегі веб-қызметтерді қосыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Веб-қызметтерді орнату
бөлімін қараңыз.
2. Басты экранда Apps (Қолданбалар) белгішесін түртіңіз, содан кейін Scan-to-Email (Электрондық
поштамен жіберу үшін сканерлеу) қолданбасын түртіңіз.
3. Сәлемдесу терезесінде Жалғастыру түймесін түртіңіз.
4. Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін Email (Электрондық пошта) жолағындағы түймені,
одан кейін Done (Дайын) түймесін түртіңіз.
5. Жалғастыру түймесін түртіңіз.
6. PIN енгізілген электрондық пошта мекенжайына жіберілетін болады. Жалғастыру түймесін
түртіңіз.
7. PIN кодты енгізу үшін PIN жолағын түрітп, Дайын түймесін түртіңіз.
8. Принтердің кіру ақпаратын сақтау жолына байланысты Электрондық поштаны сақтау немесе
Автоматты кіру түймесін түртіңіз.
9. Фотосурет немесе Құжат түймесін түрте отырып сканерлеу түрін таңдаңыз.
10. Фотосуреттер үшін сканерлеу параметрлерін таңдап, Жалғастыру түймесін түртіңіз.
Құжаттар үшін келесі қадаммен жалғастырыңыз.
11. Электрондық пошта ақпаратын тексеріп, Жалғастыру түймесін түртіңіз.
12. Электрондық поштаға сканерлеу түймесін түртіңіз.
13. Сканерлеу аяқталған кезде OK түймесін түртіп, басқа электрондық пошта,а жіберу үшін Иә немесе
аяқтау үшін Жоқ түймесін басыңыз.
Электрондық поштамен жіберілетін құжатты немесе фотосуретті сканерлеу
Электрондық поштаны басқару тақтасынан немесе HP принтерінің бағдарламалық құралынан
сканерлеуге болады.
46 4-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW