User's Guide

Тіркелгі параметрлерін өзгерту
1. Басты экранда Apps (Қолданбалар) белгішесін түртіңіз, содан кейін Scan-to-Email (Электрондық
поштамен жіберу үшін сканерлеу) қолданбасын түртіңіз.
2. Өзгертілетін электрондық пошта тіркелгісін таңдап, Modify (Өзгерту) түймесін түртіңіз.
3. Өзгерту қажет параметрді таңдап, экрандағы сұрауларды орындаңыз.
Автоматты кіру
Электрондық поштаны сақтау
Тізімнен жою
PIN кодты өзгерту
Тіркелгіні жою
Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу
Интернетте сканерлеу веб-браузер арқылы компьютерге принтерден фотосуреттерді және
құжаттарды сканерлеуге мүмкіндік беретін енгізілген веб-сервердің мүмкіндігі болып табылады.
Бұл мүмкіндік компьютерде принтер бағдарламалық құралын орнатпағанда да қол жетімді болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-сервер (EWS) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкіше интернетте сканерлеу мүмкіндігі өшірулі болады. Осы мүмкіндікті енгізілген
веб-серверден қосуға болады.
EWS серверіндегі Интернетте сканерлеуді ашу мүмкін болмаса, желі әкімшісі оны ажыратқан болуы
мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желі орнатқан маманмен байланысыңыз.
Веб-сканерлеуді қосу
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-сервер (EWS)
бөлімін қараңыз.
2. Параметрлер қойындысын басыңыз.
3. Қауіпсіздік бөлімінде Әкімші параметрлері түймесін басыңыз.
4. Интернетте сканерлеу мүмкіндігін қосу үшін Интернетте сканерлеу параметрін таңдаңыз.
5. Применить (Қолдану) түймесін басыңыз.
Интернетте сканерлеуді пайдаланып сканерлеу
Интернетте сканерлеу мүмкіндігі арқылы сканерлеу негізгі сканерлеу опцияларын ұсынады. Қосымша
сканерлеу опцияларын немесе функционалдылығын алу үшін HP принтерінің бағдарламалық
құралынан сканерлеңіз.
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз.
2. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-сервер (EWS)
бөлімін қараңыз.
3. Сканерлеу қойындысын басыңыз.
4. Сол жақ тақтадағыВеб-сканерлеу түймесін басып, параметрлерді өзгертіңіз де, Сканерлеуді
бастау түймесін басыңыз.
48 4-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW