User's Guide

5. Барлық беттер сканерленген соң, Файл мәзірінен Сақтау параметрін таңдаңыз. Басып шығару
тілқатысу терезесі шығады.
6. Өңделетін мәтіннің түрін таңдаңыз.
Мен қалаймын ... Осы қадамдарды орындау
Түпнұсқаны пішімдеусіз тек мәтінді шығарып алу Пішім қалқымалы мәзірінен TXT параметрін таңдаңыз.
Түпнұсқаның кейбірін пішімдеу арқылы мәтінді шығарып
алу
Пішім қалқымалы мәзірінен RTF параметрін таңдаңыз.
Мәтінді шығарып алып, оны PDF оқу құралында іздеуге
болады.
Пішім қалқымалы мәзірінен Ізделетін PDF параметрін
таңдаңыз.
7. Сохранить (Сақтау) түймешігін басыңыз.
Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеуге арналған нұсқаулар
Келесі нұсқауларды бағдарламалық құралдың құжаттарыңызды сәтті түрде түрленліргеніне көз
жеткізу үшін пайдаланыңыз.
Сканер әйнегінің немесе құжатты беретін құрал терезесінің таза болуын тексеріңіз.
Сканер әйнегіндегі немесе құжатты беру құралының терезесіндегі дақ немесе шаң
бағдарламалық құралдың құжатты өзгертуге болатын мәтінге түрленуіне кедергі жасайды.
Құжаттың дұрыс жүктелгенін тексеріңіз.
Түпнұсқаның дұрыс салынғанын және құжат түзу қойылғандығын тексеріңіз.
Құжаттағы мәтіннің анық болуын тексеріңіз.
Құжатты өңделетін мәтінге сәтті түрлендіру үшін бастапқы мәтін анық және жоғары сапалы
болуы қажет.
Келесі жағдайлар бағдарламалық құралдың құжатты сәтті түрлендірмеуіне әкелуі мүмкін:
Бастапқы құжаттағы мәтін анық емес немесе мыжылған.
Мәтін тым кішкентай.
Құжаттың құрылымы тым күрделі.
Мәтін тығыз орналастырылған. Мысалы, бағдарламалық құрал түрлендіретін мәтін жоқ
болса немесе күрделі таңбаларды қамтыса, «rn» «m» ретінде көрінуі мүмкін.
Мәтін боялған өңде. Боялған өң алдыңғы жақтағы кескіндердің тым аралас болуына әкелуі
мүмкін.
Дұрыс профайлды таңдаңыз.
Таңбашаны таңдағаныңызды немесе сканерлеуді өңделетін мәтін етуге мүмкіндік беретін алдын
ала орнату параметрін таңдағаныңызды тексеріңіз. Осы параметрлер OCR сканерлеуінің сапасын
ұлғайту үшін жасалған сканерлеу параметрлерін пайдаланады.
Windows: Редактируемый текст (OCR) (Өңделетін мәтін (OCR)) немесе Сохранить как PDF (PDF
ретінде сақтау) таңбашаларын пайдаланыңыз.
OS X: Documents with Text (Мәтіні бар құжаттарды) алдын ала орнату мүмкіндігін
пайдаланыңыз.
Файлды дұрыс пішімде сақтаңыз.
50 4-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW